Алматы облысында балта ұстаған адам дүкенді тонап кетті

0
301

Қаскөй 150 мың теңге мен бірнеше қорап темекіні алып кеткен.


Алматы облысында балта ұстаған адам дүкенді тонап кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар ауданында балта ұстаған ер адам дүкенді тонап кетті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Белгісіз адам дүкеншіні қорқытып, 150 мың теңге мен бірнеше қорап темекіні алып кеткен. Күдікті әлі табылған жоқ.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Күдіктіні анықтап, ұстау үшін жедел іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында", - дейді Алматы облысының полиция департаменті.