Жасөспірім бұған дейін де үйінен кетіп жүрген.
ERNUR.KZ. Талғар ауданының полицейлері шілде айында жоғалған 16 жастағы жасөспірімді тапты, деп жазады Stan.kz.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың анасы ұлын өзі іздеп тапқысы келген, ұлының өзі қайтып оралады деп те ойлаған.
Алайда өздігінен анасы баласын таба алмағандықтан, полиция департаментіне өтініш жазған, соның негізінде іздеу шаралары жүргізіліп, жасөспірім табылды.
"Жоғалған бала осы уақытқа дейін досының үйінде болған. Жасөспірім бұған дейін де үйінен кетіп жүрген. Ол біздің арнайы есепте тұрған болатын. Қатесін мойындап, түзелмегеніне байланысты оны тағы да есепке қойып, бақылауға алу мәселесін көтеріп отырмыз. Жасөспіріммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді",- деді Талғар АПБ басшысы Ерлан Қасым.
Табылған жасөспірімнің жақындарымен тиісті жұмыстар жүргізіліп, ол тағы үйден кетсе, полицияға хабар берудің тиімді әрі іздеу жұмыстарының нәтижелі болатынын ескертті.