Алматы облысында бір отбасы жоғалып кетті

0
1 187

Іздеу туралы ақпаратты қоғамшыл Ислам Угушев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.


Алматы облысында бір отбасы жоғалып кетті

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Алматыда түсініксіз жағдайда бір бес адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті, - деп жазады Тengrinews.kz.

Іздеу туралы ақпаратты қоғамшыл Ислам Угушев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Оның жазуынша, 41 жастағы Андрей мен 39 жастағы Наталья Чурулиндер жоғалып кеткен. Олармен бірге үш баласы - Ангелина (12 жаста), Давид (9 жаста) және Даниил (7 жаста) де табылмай жатыр. Отбасы 4 тамыздан бері байланысқа шықпаған.

"Тұратын жерлерінде ешкім есік ашпайды, көршілері де отбасының қайда екенін білмейді. Ерекше белгілері - ересектер мен балалардың бәрі мылқау, ымдасып сөйлеседі. Бір жаққа кетететіндерін айтып ескертпеген. Әйелі мен күйеуі 35-40 жас шамасында. Бойлары ұзын. Денелері ірі. Шаштарының түсі ашық", - дейді туыстары.

Чурилиндер отбасы туыстарымен соңғы рет 3 тамызда сөйлескен. 4 тамызда Желіге кірген. Отбасының жақындары Алатау ауданының полициясына жүгінген.

Ислам Угушевтің жазуынша, полиция отбасының көлігін 4 тамызда таңда Қапшағай автожолындағы камерадан көрген. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы Іле өзеніне балық аулауға кеткен. Андрей Чурилин 2001-2002 жылғы, мемлекеттік нөмірі A094ZOO, көк түсті Mazda 323 автокөлігін тізгіндеген.