Ол 2024 жылдың 10 шілдесінде жоғалып кеткен
Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz
ERNUR.KZ. Алматы облысында осы жылдың шілде айында жоғалып кеткен жас жігіт өлі күйінде табылды. Бұл туралы LIDER.KZ волонтерлері Instagram парақшасында жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
1994 жылы туған Балтабай Азамат Маратұлы 2024 жылдың 10 шілдесінде жоғалып кеткен. Ер адам Іле ауданы, Боралдай ауылы, Водник-2 шағынауданы, 6 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы 170-175 сантиметр, арық денелі, қара шашты, білектерінде тату суреті бар.