Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7%-дан 0,9%-ға дейін артты.
ERNUR.KZ. Алматы облысында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап отыр. Аймақта демалыс күндері локдаун енгізілмек, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы брифингте Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев мәлім етті.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7%-дан 0,9%-ға дейін артты.
Эпидемиологиялық матрицаның бағалауы бойынша Алакөл, Талғар, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Сарқан және Текелі, Талдықорған қалалары – "қызыл" аймақта, Іле, Қаратал, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, ұйғыр және Ақсу аудандары – "сары" аймақта, ал қалған қалалар мен аудандар "жасыл" аймақта орналасқан.
"Демалыс күндері локдаун жарияланады. Балалар мен ересектерге арналған білім орталықтарының, ашық және жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік сатпайтын) қоғамдық тамақтану нысандарының, жазғы алаңдардың, сауда үйлері мен қоғамдық көліктің (елді мекендер ішінде) банктердің, ХҚО-лардың, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің, діни нысандардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының, фитнес-орталықтардың, казинолардың, ойын-сауық, бұқаралық, отбасылық, естелік іс-шаралардың қызметіне тыйым салынады", – деді Асхат Чарапиев