Алматы облысында ер адам кафе иесін ішімдік сатпағаны үшін пышақтап тастады

0
1 479

Ол жол бойындағы кафеге тоқтаған автобус жолаушысы болған.


Алматы облысында ер адам кафе иесін ішімдік сатпағаны үшін пышақтап тастады

ERNUR.KZ. Алматы облысында жол бойындағы кафелердің бірінде кафе иесін ішімдік сатпағаны үшін пышақтап тастаған, деп жазады sn.kz.

24 сәуір күні Ақсу ауданындағы кафелердің бірінде төбелес шыққаны жайлы полицейлерге xабар түскен. Іздестіру шарасы барысында 36 жастағы күдікті автовокзалдан ұсталған. Ол сондағы автобустардың біріндегі жолаушы боп шықты. Бұрын істі болғаны анықталды.

Денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.