Алматы облысында ер адам сыра үшін дүкенге қарулы шабуыл жасады

0
767

​Белгілі болғандай, мас күйінде сыра құятын орынға келген ер адам сатушылардың бірімен сөзге келіп қалған.


Алматы облысында ер адам сыра үшін дүкенге қарулы шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Оқыс оқиға Алмалыбақ ауылында орын алды, деп жазады Zakon.kz.

Қарасай аудандық ПД-ның кезекші бөліміне сыра дүкеніне шабуыл жасалғаны жайлы хабарлама 26 қарашада келіп түсті.

Ер адам сатушыны аңшы мылтығымен қорқытып, сыра алмақшы болған. Шақыртуға барған жедел-тергеу тобы қарулы адамды ұстап, қамады. Елді әбігерге салған сол ауылдың 54 жастағы тұрғыны болып шықты.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, мас күйінде сыра құятын дүкенге келген ер адам сатушылардың бірімен сөзге келіп қалған. Артынан ол мылтықпен келіп, өзіне сыра беруді талап еткен. Оны сөзге тартқан қызметкерлердің біреуі мылтықты жұлып алған. Бірақ ер адам шүріппені басып үлгерген, оқ қабырғаны тесіп өткен. Ешкім зардап шеккен жоқ, – дейді полициядағылар.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық, атыс қаруын қолдану немесе қолдану үшін жасалған іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қару тәркіленіп, заттай айғақ ретінде материалға тіркелді.