Алматы облысында кафеде төбелескен ер адамдар видеоға түсіп қалды

0
900

Бір топ ер адам мас күйде кафе қызметкерлерін ұрып-соғып, төбелескен.


Алматы облысында кафеде төбелескен ер адамдар видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Желіде кафеде төбелескен ер адамдардың видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, деп жазады tengrinews.kz.

Жанжал Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде болды. Екі бармен дене жарақатын алды. Ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

Куәгерлердің сөзінше, бір топ ер адам мас күйде кафе қызметкерлерін ұрып-соғып, төбелесті. Оқиға бейнекамералардың біріне түсіп қалған. Күдіктілер ұсталды.

"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр. Жанжал қатысушылары анықталды, олардың бірі 22 жастағы жергілікті тұрғын. Ол ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді. Оқиға орнынан бейнежазбалар алынып, куәгерлерден жауап алынды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.