Алматы облысында көлікті тізгіндеген оқушы жолда қызды қағып кетті

0
961

Оқушы әкесінің көлігін айдап кеткен.


Алматы облысында көлікті тізгіндеген оқушы жолда қызды қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында жол талғамайтын көлік тізгіндеген бозбала жолда қызды қағып кетті, деп жазады Inbusiness.kz.

Әлеуметтік желіде ақ кросовердің үйдің қақпасынан шығып, жол шетінде кетіп бара жатқан оқушы қызды қаққан видеосы тарады. Көлік тоқтаған сәтте оның ішінен бір топ оқушының түскенін көреміз.

Облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсінік берді.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде көліктің кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен видеосы анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер көліктің жүргізушісі мен иесін анықтады. Зардап шегуші дәрігерлерге қаралып, дене жарақатының жоқтығына байланысты үйіне жіберілді. Көлік иесінің кәмелетке толмаған ұлы көлік жүргізгені анықталды", - делінген хабарламада.

Полицейлер атап өткендей, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама аясында жауапқа тартылған.

"Мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында көлік иесімен және оның ұлымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп толықтырды полиция департаментіндегілер.