Алматы облысында оқушы қайтыс болды: қылмыстық іс қозғалды

0
450

Баланың ата-анасы ұлын бір күн бұрын белгісіз адамдар аяусыз ұрып-соқты деп полицияға шағымданған.


Алматы облысында оқушы қайтыс болды: қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Алматы облысында аудандық ауруханалардың бірінде 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Баланың ата-анасы ұлын бір күн бұрын белгісіз адамдар аяусыз ұрып-соқты деп полицияға шағымданған.
13 наурызда жергілікті тұрғын Еңбекшіқазақ ауданының полициясына кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салған белгісіз адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым түсірген.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша өтініштің келіп түскенін растады. Дәрігерлердің барынша көмегіне қарамастан соққыға жығылған оқушы келесі күні қайтыс болды.
"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, қажетті тергеу жүріп жатыр. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалады", - деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.
Ведомство сонымен қатар сараптамалық зерттеу аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізілетінін айтты. Басқа ақпарат жария етілмейді.