Алматы облысында өрттен 4 адам қаза болды

0
1 083

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.​​


Алматы облысында өрттен 4 адам қаза болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында өрт кезінде 4 адам қаза болды, деп жазады Tengrinews.kz.

"2020 жылдың 13 желтоқсанында сағат 05.40-та Алматы облысының ТЖД-ға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртсөндірушілер оқиға болған жерге 4 минутта жетті, олар келгенде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысы толықтай жанып жатты", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру барысында төрт адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт сағат 06.09-да ауыздықталып, сағат 06.45-те сөндірілді. Өрттің көлемі 40 шаршы метр. Оның шығу себебі анықталып жатыр.