Алматы облысында шет ел азаматын өлтірген қылмыстық топ ұсталды

0
790

Күдіктілердің 20 жастағы Өзбекстан азаматының өліміне қатысы бар екені және Талғар ауданында 2 дүкенді тонағаны дәлелденіп отыр.


Алматы облысында шет ел азаматын өлтірген қылмыстық топ ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында 6 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандардың бәрі Талғар аудандық полициясының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Топтың үлкені 30, кішісі 24 жаста. Ешқайсысы бұрын істі болмаған. Күдіктілердің 20 жастағы Өзбекстан азаматының өліміне қатысы бар екені және Талғар ауданында 2 дүкенді тонағаны дәлелденіп отыр.

Барлық 3 факті Кеңдала ауылдық округінде тамыздың соңы мен қазан айының басында тіркелген. Айғақ зат ретінде жәбірленушіні атқан шолақ мылтық тәркіленді.

«Бұл іс құрылым басшылығының жеке қадағалауына алынды. Сондай-ақ кісі өлтіру дерегіне топтағы 4 азаматының қатысы бар екені және қарақшылық шабуылға 2-3 адамнан қатысып отырғаны анықталды. Шабуыл кезінде арнайы бетперде киіп отырған. Екі қарақшылық дерегі бойынша 1975 және 1977 жылы туған дүкен сатушылары куәгер болып отыр. «Қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар жоғы анықталып жатыр», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.