Алматы облысында соңы дауға ұласқан ауыл әкімінің сайлауы қайта өтетін болды

0
385

Заңбұзушылық Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округіндегі №860 сайлау уческесінде болды.


Алматы облысында соңы дауға ұласқан ауыл әкімінің сайлауы қайта өтетін болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында ауыл әкімін сайлау барысында бір адамның сайлау жәшігіне бірнеше бюллетеньді салу фактісі анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Заңбұзушылық Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округіндегі №860 сайлау уческесінде болды.

Белгісіз тұрғынның сайлау жәшігіне бюллетеньдерді топтап салып жатқан әрекетін өзге адам видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жариялаған. Осы жайттан кейін тексеру жүргізілді. Нәтижесінде аталған учаскедегі заңбұзушылық расталып, ондағы дауыс беру нәтижелері жойылды.

«Заңсыздыққа жол берген сайлау учаскесіндегі жағдай бойынша дауыс беру нәтижесі жойылғанымен, сайлауда ең көп дауыс жинаған кандидат анықталды. Өйткені, бұл округ бойынша 5 сайлау учаскесі бар. Соның төртеуінің қорытындысы бойынша кандидат 1990 жылы туған Өмірзақ Жалғасбай ең көп дауыс жинады. Ол бұған дейін Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі орынбасары қызметін атқарған. Бірақ ол өз еркімен ауыл әкімі қызметінен бас тартты», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел.

Ведомство өкілінің сөзінше, сайланған әкімнің бас тартуына байланысты енді қаңтар айында Тұздыбастау ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау қайтадан ұйымдастырылады.