Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды

0
369

Алматы облысы ​Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековқа қатысты үкім шығарды.


Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің 2024 жылғы 24 сәуірдегі ақпараты бойынша, Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ведомства мәліметінше, Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековқа қатысты үкім шығарды.

"Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткені үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.",-делінген хабарламада.

Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.