Қайғылы оқиға 19 желтоқсан күні болды.
ERNUR.KZ. Алматы облысында тауда сырғанақ теуіп жүрген 10 жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Хабар24.
19 желтоқсанда орталық аудандық ауруханасына бара жатқан жолда 10 жастағы қыз көз жұмды. Анықталғандай, ол Мұқыры ауылында сырғанақ теуіп жүрген кезде, ауыр жарақат алған.
Әкімдіктің баспасөз қызметі оқиға Мұқыры тауында болғанын хабарлады. Олардың айтуынша, бұл жер жаппай сырғанауға арналмаған.
«Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастап, арнайы сараптама тағайындады. Тыйым салу белгілері орнатылды. Сырғанақ тебу алаңы жеке шаруа қожалығына қарайды. Сондай-ақ оның иесіне арнайы хат жолданады. Бұл жер қатаң бақылауда, үнемі рейдтер жүргізіліп тұрады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.