Жылжымалы пункт тек әскери қызметкерлердің рухани сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да ықпал етеді.
Түркістандағы ҚР Ұлттық Ұланына қарасты 5574 әскери бөлімінде «Фараб» кітапханасының №6 жылжымалы пункті ресми түрде қолданысқа берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін, 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, кітап оқуды кеңінен насихаттау және әскери қызметкерлердің рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында Түркістандағы ҚР Ұлттық Ұланына қарасты 5574 әскери бөлімінде, «Фараб» кітапханасының №6 жылжымалы пункті ресми түрде қолданысқа берілді.
Кітапхана әскери қызметкерлердің бос уақытын тиімді пайдалануына, көркем, танымдық және патриоттық әдебиеттерге қолжетімділік алуына толық мүмкіндік береді.
Бұл шара – кітапты ұлықтау арқылы қоғамның барлық саласында, соның ішінде әскери ортада да оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Жылжымалы пункт тек әскери қызметкерлердің рухани сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да ықпал етеді.