Жолаушы небәрі 33 жаста болған.
ERNUR.KZ. Алматы облысында жүк көлігі үш сиырды қағып кетті, салдарынан жолаушы қаза болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
25 сәуір сағат 19:00 шамасында Талғар ауданында жол апаты болып, Hyundai HD270 маркалы самосвал жүргізушісі «Ақбұлақ-Талғар» автожолында батысқа қарай бет алып, жолда үш сиырды қақты.
Жол апаты салдарынан 33 жастағы көліктегі жолаушы мерт болды. Сондай-ақ көлік қаққан үш бас сиыр да өлген.
Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.