Алматы облысында жас жігіт көлігімен үш бірдей адамды басып кетті

0
828

Ол 36 жастағы әйелді және 6 мен 1,5 жасар баланы басып кетті. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды


Алматы облысында жас жігіт көлігімен үш бірдей адамды басып кетті

ERNUR.KZ. Талдықорған іргесіндегі Қарабұлақ ауылында екі баласы бар әйелді "Ауди-80" көлігі қағып өлтірді, деп жазады Stan.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, онда оқиға 23 сәуірде болғаны көрсетілген. Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады.

Ведомствоның мәліметінше, "Ауди-80" көлігін 19 жастағы азамат басқарған. Қаза тапқан 36 жастағы әйелдің жанында 6 және 1,5 жастағы екі қызы болған.

"Оқиға дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа орналастырылды", - деп мәлімдеді облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Алматы облысының полиция департаменті ауыр қазаға байланысты қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.