Алматы облысында жас жұбайлар жоғалып кетті

0
638

Іздестіру туралы ақпаратты еріктілер Instagram-парақшасында жариялады.


Алматы облысында жас жұбайлар жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысының Жамбыл ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен жас жұбайлар екі айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Іздестіру туралы ақпаратты еріктілер Instagram-парақшасында жариялады. 1993 жылы туған Шәкіров Нұрмұхамбет пен 1998 жылы туған Әлмек Әлима 5 наурызда жоғалып кеткен. Ерлі-зайыпты түс ауа сағат 15:00 шамасында Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі, 96 В мекенжайындағы үйден шығып, қайтып оралмаған.

Хабар-ошарсыз кеткендердің қайда екені туралы білетіндер +7 701 375 92 91, +7 700 305 05 25 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.