Күдіктіге қатысты іс тоқтатылады.
ERNUR.KZ. Полиция мәліметінше, Алматы облысында көлігімен атты басқан жүргізушіге қатысты іс тараптардың татуласуымен аяқталған, деп жазады Tengrinews.kz.
Ведомство өкілдері Іле ауданы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны зардап шеккен жылқының иесіне келтірілген залалды толық өтегенін хабарлады. Күдіктіге қатысты іс тоқтатылады.
"Тараптардың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылады. Ол жануардың иесіне келтірілген залалды толық өтеген. Енді жылқыны басқан автокөлік жүргізушісіне қатысты шағым жоқ", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.Еске салайық, Алматы облысында жылқыны қасақана басқан жүргізушінің видеосы Желіде қызу талқыланған еді. Күдіктіні полиция ұстаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде атты басқан. Ер адам өзінің әрекетін бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырыстым деп түсіндіріпті.
Жануар аман қалған, бірақ иелері оны жарақаты болғандықтан бауыздауға мәжбүр болған.