Алматы облысында зорлау ісі бойынша айыпталған ер адам қамаудан қашып кетті

0
215

Осыған байланысты «Дабыл» жоспары енгізілді.


Алматы облысында зорлау ісі бойынша айыпталған ер адам қамаудан қашып кетті

Фото: almaty.tv

ERNUR.KZ. Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті, деп жазады inform.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, осыған байланысты «Дабыл» жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды.

«Сонымен қатар, қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде жасөспірімге сексуалды зорлық көрсеткен ер адам 20 жыл түрмеге қамалғанын жазған едік.