Алматы облысындағы ауылдардың бірінен 17 жастағы баланың мәйіті табылды

0
726

Кәмелет жасына толмаған бала өлімі бойынша Кеген ауданының 17 жастағы тұрғыны ұсталған.


Алматы облысындағы ауылдардың бірінен 17 жастағы баланың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Саты ауылында кәмелет жасына толмаған баланың мәйіті табылды. Полиция бұл жантүршігерлік оқиға бойынша күдіктіні ұстаған, деп жазады stan.kz.

Ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйенсек, кәмелет жасына толмаған бала өлімі бойынша Кеген ауданының 17 жастағы тұрғыны ұсталған.

“Мәйіт11 сәуірде Саты ауылының ішінен табылған. Аталған дерек аудандық полицияда қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, - делінген полиция ақпаратында.

Ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.