Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды

0
752

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды, деп жазады ktk.kz

Қайғылы жағдай Талғар қаласында болған. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 қараша күні балабақшалардың бірінде болған.

«4 жастағы қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот медициналық сараптама барысында баланың тамағынан қатты пластмасс зат табылды. Іс ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау, Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соғу ) бойынша жүріп жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.