​Алматы облысындағы түрмеде сотталғандар күзетшіні соққыға жықты

0
1 035

ҚР ІІМ өкілінің айтуынша, оқиға орнына жеткен арнайы жасақ құралдарды қолдану арқылы сотталушыларды ұстап, тәртіптік изоляторға қамады.


​Алматы облысындағы түрмеде сотталғандар күзетшіні соққыға жықты

ERNUR.KZ. Заречный түрмесінде сотталушылар мекеме қызметкерін соққыға жықты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп жазады 24.kz.

Оның айтуынша, Алматы облыстық ҚАЖ департаментінің Заречный елді мекеніндегі ЛА-155/14 мекемесінде белгісіз біреулер сырттан сотталғандарға тыйым салынған заттар бермек болған.

«Ұлттық гвардияның кезекші бақылаушысы тыйым салынған ішкі аймаққа өтуге және белгісіз біреулер сырттан лақтырып кеткен затты алмақ болған үш сотталушыны байқаған. Сотталушының заңсыз әрекеттерінің жолын кеспек болған қызметкер қарсылыққа ұшырады және дене жарақатын алды. Қызметкер медициналық мекемеге жатқызылды», - деді ресми өкіл.

ҚР ІІМ өкілінің айтуынша, оқиға орнына жеткен арнайы жасақ құралдарды қолдану арқылы сотталушыларды ұстап, тәртіптік изоляторға қамады.

«Аталған сотталушыларға қатысты мекеме қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері қызметтік тексерік жүргізіп жатыр», - деді Нұрділдә Ораз.