Алматы орталығындағы жанып жатқан қонақ үйден 57 адам құтқарылды

0
524

6 қабатты қонақ үйдің ең төменгі қабатында орналасқан, саунадан өрт шыққан.


Алматы орталығындағы жанып жатқан қонақ үйден 57 адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

“19 мамыр күні сағат 22:21-де ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданы, Қожамқұлов көшесі, 270/120-де орналасқан "Hotel Plaza Almaty"қонақ үйіндегі өрт туралы хабарлама алды. Сағат 22:26-да бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келгенде, 6 қабатты қонақ үйдің ең төменгі қабатында орналасқан, саунаның жанып жатқаны анықталды. Ғимараттың барлық қабаттары қатты түтіндеп, адамдар өміріне қатер туғызды. Қонақ үйдің барлық терезелерінен сыртқа шыға алмай қалған келушілер көмек сұрады”, – деп хабарлады ТЖД.

Өрт сөндірушілер дереу құтқару жұмыстарын бастаған. Күштер мен құралдарды жұмылдыру шарасы бойынша өрт болған жерде жедел штабтың жұмысы құрылып, екі жауынгерлік учаске жасақталды.

“Құтқару жұмыстарына газ-түтіннен қорғау қызметінің 12 буыны, үш өрт сөндіру автосаты, төрт үш иінді жылжымалы баспалдақ жұмылдырылды, түтін жою үшін АД-120 автомобилі қолданылды. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде 57 адам құтқарылды”, – деп хабарлады ТЖД-дан.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 23:44-те толығымен сөндірілді. Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 42 адам, 14 бірлік техника жұмылдырылды.