Алматы ПД пәтерлерді талқандаған формадағы адамдар туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
859

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда полиция және медициналық форма киіп алған белгісіз біреулердің қала тұрғындарының пәтерлерін талқандағаны туралы ақпарат таратылуда.


Алматы ПД пәтерлерді талқандаған формадағы адамдар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Алматы Полиция департаменті қаладағы пәтерлерді талқандаған формадағы адамдар туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда полиция және медициналық форма киіп алған белгісіз біреулердің қала тұрғындарының пәтерлерін талқандағаны туралы ақпарат таратылуда. Хабарлама ешкімге есік ашпауға және өзін құқық қорғау органдары мен дәрігерлер ретінде таныстырған адамдарға сенбеуге шақырады. Бұл жалған. Қазіргі уақытта мұндай фактілер тіркелген жоқ», – деп мәлім етті Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.