Лас көліктер көбіне құрылыс жобаларында қолданылады.
ERNUR.KZ. Бұл жұмыс «Автокөлік» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілуде. Іс-шараның бес күнінде тек қаланың орталық бөлігінде 106 жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп жазады baq.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл ретте айта кету керек, көбінесе лас көліктер құрылыс жобаларында қолданылады. Құрылыс алаңынан шығып, жол бойында кетіп бара жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушілері өздерінің көліктерін таза күйге келтіруге міндетті. Іс жүзінде, тәжірибе көрсеткендей, бұл тәртіп барлық жерде сақталмайды. Көрсетілген алдын алу іс-шарасы осындай фактілерді анықтауға бағытталған, - деді Медеу аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Елнұр Құдретбаев.
Тексеріс кезінде ҚР ӘҚбК-нің 602-бабының талаптарын бұзғаны үшін - 15 факт, ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі - 28 факт, ҚР ӘҚбК-нің 334-бабы 1 -бөлігі - 20 факт және тағы басқа ереже бұзулар анықталған.