Медеу аудандық сотының судьясы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.
ERNUR.KZ. Алматы қаласының соты ұсталған судьядан аса ірі көлемде қаржат тәрікіленді деген ақпаратты жоқ шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік желілерде Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманованы тінту кезінде төмендегідей ақша табылды деген ақпарат тарады: (кабинетінен 4 500 доллар, үйін тінту барысында 2 800 000 доллар, жеке көлігінен 600 000 доллар, застройщиктен - 1 180 000 доллар пара алған), деген. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Судьяның кеңсесінен 10 000 доллар тәркіленді, үйінен ештеңе тәркіленбегенін хабарлаймыз»,- деп атап өтті Алматы қалалық сотынан.
Судьяның өкілеттігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының бұйрығымен тоқтатылды.
Алматы қалалық соты жалған ақпарат таратумен айналысқан адамдарды жауапқа тарту туралы Алматы қаласының прокуратурасына арыз түсірді.