Алматы тауларында қар көшкіні жүрді: туристердің бірі аман-есен табылды

0
718


Алматы тауларында қар көшкіні жүрді: туристердің бірі аман-есен табылды

ERNUR.KZ. Құтқарушылар қар көшкіні астында қалған бір туристі тапқанын хабарлады. Екіншісін іздеу жалғасып жатыр, жазады sputnik.kz.

"Құтқарушылар зардап шегушілердің бірін қар астынан аман алып шықты", - делінген ТЖД хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шегушінің иығы шығып кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 31 адам, сегіз техника, екі кинологиялық топ, бір тікұшақ және бір дрон жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, қар көшкіні сәрсенбі күні сағат 13.28-де Іле Алатауы тауларындағы Молодежный шыңы аймағына жүрді.
Бір күн бұрын құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейетінін ескерткен болатын.
Өткен айда "Шымбұлақ" курортында қар көшкіні кезінде шаңғышы қаза болды.