Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

0
886

Алматыда өткен түнде басталған жауын соңы қарға ұласты.


Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

ERNUR.KZ Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп жазады 24.kz

Алматыда өткен түнде басталған жауын соңы қарға ұласты.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті бүгін тауға шықпауға кеңес береді. Себебі дымқыл қар салдарынан көшкін жүру қаупі артқан.
Ал қалада 2 см, тау бөктеріндегі аудандарда - 8-10 см, таулы аймақтарда 10-15 см қар түскен.
Ақ ұлпаны күреуге 987 жұмысшы, 412 арнайы техника, 111 құм шашу техникасы тартылды.

Көктайғаққа қарсы 376 тонна арнайы қоспа жол мен тротуарларға себілді.