Салдарынан тауда сел жүріп, бұрынғы өзен жыраларын жайпап кетті.
ERNUR.KZ. Алматы тауларындағы мұздықтар соңғы 8 жылда бірінші рет күрт еріді, деп sputnik.kz.
Салдарынан тауда сел жүріп, бұрынғы өзен жыраларын жайпап кетті. Ал мамандар су деңгейін түсіріп әлекпіз дейді.
"Біз әуеден су деңгейін бақыладық, су көтерілген. Кіші Алматы өзені, басқа өзендер де арнасынан асып кеткен. Өзеннің жағасын шайып жатыр, сол себепті су лайланды. Күн күрт ысығандықтан тіпті мұздықтардың өзі лайланып кеткен", - дейді Алматы қалалық ТЖД басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков.
Алматыда биылғыдай шіліңгір шілде осыдан 8 жыл бұрын болған. Яғни, жауапты мамандар дәл биылғыдай тығырыққа тірелген. Енді қалалық әкімдік күннің салқындауын күтіп отыр. Алайда синоптиктер Алматыда 28 шілдеде нөсер жауын жауады деп болжады.
"28 шілдеде нөсер жауыннан сел жүруі мүмкін. Жалпы өзен деңгейін жіті бақылап отырмыз. Су деңгейін 4 метрге дейін түсіріп жатырмыз. 13 өзенді бақылауға алдық", - дейді ТЖД мамандары.