Күдіктінің бұрын мүліктік және есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
ERNUR.KZ. Алматылық тұрғын көпқабатты үйдің жертөлесінде марихуананы өсірген, деп жазады Polisia.kz.
Марихуананы 45 жастағы ер адам Достық көшесіндегі тұрғын үйдің жертөлесіндегі уақытша зертханада өсіргені анықталды.
– Басқа қоқыстардың арасында Т.есімді ер адам фольга мен ультракүлгін сәулемен жабдықталған қолайлы бұрышты таңдаған, ол жерге марихуана ыдысын қойған. Күдіктінің айтуынша, ол осы уақытқа дейін осылай тәжірибе жасаған. Егер сәтті болса, ол бұл қылмыстық бизнесті жандандыруды жоспарлады. Бірақ бұл жоспарлар орындалмады, оның заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу-жедел тобы заттай айғақтарды тәркіледі және сараптамаға жіберді, – дейді Медеу аудандық ПБ бастығының орынбасары Елнұр Құдратбаев.
Күдіктінің бұрын мүліктік және есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.