Алматыда 10 мың вольт тоқ соққан ер адам аман қалды

0
378

Электр монтаждаушысы Аян көктемде жұмыс учаскесінде тоққа түсіп қалды.


Алматыда 10 мың вольт тоқ соққан ер адам аман қалды

ERNUR.KZ. Алматылық комбустиологтар жоғары вольтты тоқ соққан 27 жастағы жігіттің өмірі үшін екі ай күресті, деп жазады inform.kz.

Электр монтаждаушысы Аян көктемде жұмыс учаскесінде тоққа түсіп қалды. Ер адам алғашқы 10 күн Жетісу облысы Алакөл орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатты. Кейін жағдайы тұрақталған соң науқас тиісті деңгейде көмек көрсете алатын күйік бөлімі мамандары бар Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Комбустиологтар оған екінші дәрежелі электр жарақаты, білек, қол, іш, табанның IV дәрежелі күйік диагнозын қойды.

«Науқас туыстары мен реаниматологпен №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Оны көпбейінді дәрігерлер бригадасы – травматолог, реаниматолог-анестезиолог, терапевт – жан-жақты тексеріп, күйік бөліміне жатқызу туралы шешім қабылдады. Науқастың жағдайы ауыр болды», - дейді бөлім меңгерушісі, дәрігер-комбустиолог Елдос Әлменов.
Ауруханада 53 күн жатқан науқасқа 5 мәрте пластикалық операция жасалды.
«Мені ажалдан аман алып қалған Алматы төртінші қалалық ауруханасының дәрігерлері мен қызметкерлеріне рахмет», - деді Аян Мерекенов.