Алматыда 13 жасар бала батуттан құлап, жарақат алды

0
1 707

13 жастағы бала қарапайым батуттан құлап қалған.


Алматыда 13 жасар бала батуттан құлап, жарақат алды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Көк-Төбеде батуттан құлаған бала жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Науқасты жедел жәрдем қызметі Алматы қалалық балаларға жедел медициналық қызмет көрсету орталығына жеткізді. Дәрігерлер қарап, қажетті медициналық көмекті толығымен алып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Полицияның айтуынша, 13 жастағы бала өзінің абайсыздығынан қарапайым батуттан құлап қалған, ата-анасының парк әкімшілігіне ешқандай наразылығы жоқ.