Алматыда 15 жастағы жасөспірім 2 баланың әкесін пышақтап өлтірді (видео)

0
943

Күдікті оқиға болғаннан кейін төрт сағат ішінде ұсталған.


Алматыда 15 жастағы жасөспірім 2 баланың әкесін пышақтап өлтірді (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда 22 қыркүйекте ер адамдар арасында төбелес болып, біреуі алған ауыр жарақаттан көз жұмды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Оқиға Ақкент шағын ауданында болған. Төбелеске қатысқандардың бірі пышақ жарақатын алып, ауруханада көз жұмған. Күдіктінің жасы 15-те.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті төрт сағаттан кейін ұсталған.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алатау ауданының полиция басқармасы бірден жедел тергеу тобын құрды. Күдікті оқиға болғаннан кейін төрт сағат ішінде ұсталды. Ол бірден уақытша сақтау изоляторына қамалды", - дейді басқарма өкілдері.

Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.