Алматыда 21 жастағы турист квадроциклден құлап көз жұмды

0
695

Құтқару экипажы жігіттің денесін 2 километр төмен таудың етегінен тауып алды.


Алматыда 21 жастағы турист квадроциклден құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда квадроциклмен серуендеген жігіт мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы құтқару қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы турист Бутаковка шатқалында квадроциклмен серуендеп жүргенде абайсызда құздан құлаған.



5 адамнан тұратын құтқару экипажы жігіттің денесін 2 километр төмен таудың етегінен тауып алды.

Өкінішке қарай, турист сол жерде жан тәсілім етті.

Құтқарушылар төменде күтіп тұрған туыстары мен дәрігерлерге марқұмның денесін зембілмен түсіріп берді.