Алматыда 25-ші қабаттан секіріп кеткен қыз онкологиялық аурумен ауырған болуы мүмкін

0
547

Жұрт бойжеткенді соншалықты биіктіктен секіріп кетеді деп ойламаған. Оны ойынан айнытып, ақылға шақырған.


Алматыда 25-ші қабаттан секіріп кеткен қыз онкологиялық аурумен ауырған болуы мүмкін

Алматыда жұрттың көзінше биіктен секіріп, көз жұмған бойжеткен онкологиялық дертпен ауырған болуы мүмкін. Себебі сұмдық жайттан кейін оның сөмкесінен медициналық сараптама қорытындысы табылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Жұрт бойжеткенді соншалықты биіктіктен секіріп кетеді деп ойламаған. Оны ойынан айнытып, ақылға шақырыпты. Қайғылы жағдай кілең бай-бағландар тұратын тұрғын-үй кешенінде болған. 25-ші қабаттағы подъездің балконынан секіріп кеткен қыздың түгі қалмаған. Тұрғындар оқиға орны қып-қызыл қанға боялғанын айтады. Бас айналдырар биіктен құлаған қыз асфальтқа баспен түскен. Куәгерлер оның балконда тұрғанын көріп полиция шақыртыпты.

Сәния ӘСЕМБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Сол кезде анам дәріханада еді. Айқайдың дауысын естіп, сыртқа шыққанында қыздың жерде жатқан денесін көрген. Қан жоса боп жатқан. Анам әлі есін жия алар емес, шошып қалған", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Сәния Әсембек.

Күзет қызметкері қызды бұрын-соңды көрмегенін айтады. Құлағаннан кейін оның сөмкесінен медициналық сараптама қорытындысы шықты дейді. Өрімдей жастың өзі-өзін қлімге қиюына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Бостандық аудандық Полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 105-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Болған оқиғаның толық мән-жайы және себеп-салдары анықталатын болады", - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ ондағы тұрғындар марқұмның Шымкент қаласынан келгенін айтқан.