Алматыда 3 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды: Полицейлер дабыл қақты

0
1 254

Құтқарушылар терезеден құлаудың соңғы үш оқиғасы осы айда тіркелінін анықтады.


Алматыда 3 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды: Полицейлер дабыл қақты

ERNUR.KZ. Биыл алғашқы жарты жылда Алматыда бес бала терезеден құлап кеткен. Соңғы қайғылы жағдай кеше, 9 маусымда тіркелді. Оқыс оқиға салдарынан 2 жасар бала қайтыс болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, алғашқы алты айда мегаполисте үш бала тұрғын үй терезесінен құлап, қайтыс болған. Сондай-ақ, тағы екі бала құтқарылған.

Алғашқы қайғылы жағдай наурыздың ортасында орын алды: 3 жасар бала 4-қабаттан құлаған. Оны құтқарып қалу мүмкін болыпты.

Сол айда осы үйдің 6-қабатынан қыз бала құлап кеткен, ол маусым айында 4 жасқа толуы керек болатын. Бүлдіршін дәрігерлер келгенге дейін тіл тартпай кеткен.

Құтқарушылар терезеден құлаудың соңғы үш оқиғасы осы айда тіркелінін анықтады.

Сонымен, мамыр айының 1-і күні 2-қабаттағы пәтердің терезесінен екі жасар бала құлап кеткен.

Ми шайқалу және іштің жарақатымен шұғыл ауруханаға жеткізілген сәби қазір медициналық бақылауда.

Соңғы екі қайғылы оқиға өткен аптада және 9 маусымда болған. Терезеден құлаған екі және бес жастағы қос бірдей бала қайғылы жағдайда көз жұмды. Бұл уақытта ата-аналар үйде болған екен.

Ведомство мұндай оқиғалардың себебі- балалардың қараусыз қалуында екенін айтады. Мекеме өкілдері алматылықтардан балалардың қауіпсіздігі үшін терезелерге бекіту құрылғыларын орнатуды сұрады.