Алматыда 30 мыңнан аса ата-ана баласына Pfizer вакцинасын салдыруға келісіп отыр

0
571

Алматыда 12 мен 17 жас аралығындағы 170 мың бала бар.


Алматыда 30 мыңнан аса ата-ана баласына Pfizer вакцинасын салдыруға келісіп отыр

ERNUR.KZ. 30 мыңнан аса алматылық баласына Pfizer вакцинасын салдыруға келісім беріп отыр. Бұл туралы брифингте Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Алматыда 12 мен 17 жас аралығындағы 170 мың бала. Оның ішінде ата-ананың 20 пайызы баласына Pfizer вакцина егуге келісті, бұл 30 мыңнан аса ата-ана. Бірақ бұл көрсеткіш артады. Біз вакцинацияға жауапты 20 медициналық ұйымды іріктеп алдық, мамандандырылған бригадалар мектептерге барып, екпе салады", - деп түсіндірді Светлана Сұлтанғазиева.