Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды

0
552

Жоспар бойынша 380 төсек-орынға арналған орталық, соның ішінде 30 реанимациясы бар, 18 айда бой көтереді.


Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды

ERNUR.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылысында болды, сондай-ақ велосипед мектебі мен «Ақбұлақ» ықшамауданындағы жаяу жүргіншілер аймағының жобаларымен танысты, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданына қарасты «Нұркент» ықшамауданындағы болашақ медициналық орталықтың құрылыс алаңында болғанын айтты.

Елбасының тапсырмасымен құрылысы басталған орталық жұқпалы ауруларға қарсы күресте медицина ғылымы мен тәжірибесін біріктіруге бағытталған. Жоспар бойынша 380 төсек-орынға арналған орталық, соның ішінде 30 реанимациясы бар, 18 айда бой көтереді.





Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Алматы Арена» спорт кешенінде ашылған веломектептің жобасымен танысты.

«Велоспорт федерациясының президенті Н. Смағұловтың қолдауымен 12-16 жас аралығындағы олимпиада резерв мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілері велоспортпен кәсіби түрде шұғылдануға мүмкіндік алды. Өз кезегінде бізге спорт кешендерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Сондықтан спортпен, соның ішінде қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін инфрақұрылымды кеңейтуге мән бермекпіз», - деп жазды мегаполис әкімі.

Алматы әкімі «Ақбұлақ» ақшамауданында жаяу жүргіншілер аймағы салынатынын жеткізді.

«Тұрғындардың сауалдарына жауап бере отырып, «Ақбұлақ» ықшамауданы Аханов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын салу жобасын әзірледік. Жаңа променадты дәліз қоғамдық кеңістікті көркейтіп, ауданның көрікті мекеніне айналады», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.