Қаладағы барлық шұғыл қызметтер жұмылдырылған.
ERNUR.KZ. Алматыда «ADK» сауда, ойын-сауық орталығынан келушілер мен қызметкерлер шұғыл эвакуацияланып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, сауда орнына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.
Эвакуация видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
«Қазір ғана сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Қаладағы барлық шұғыл қызметтер жұмылдырылды. Келушілер мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды. Патрульдік полиция көліктерді қауіпсіз жерге ауыстырып жатыр», - деді полициядан.