Алматыда әлі оқ атылып жатыр

0
326

Жексенбі күні кешке қарай ірі сауда желілері ашылады деп жоспарлануда.


Алматыда әлі оқ атылып жатыр

ERNUR.KZ. Алматының әртүрлі аудандарында әлі оқ атылып жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан

Қалада лаңкестікке қарсы операция жалғасуда. Коммуналдық қызметтер жұмысқа кірісті, әскери техника, өртеніп кеткен көліктер мен басқа да қоқыстар қала сыртына шығарыла бастады.

Азық-түлік жеткізушілердің жұмысы айтарлықтай жанданғаны байқалады. Қаладағы дүкен сөрелері бірте-бірте қажетті өнімдерге толтырылып жатыр. Жексенбі күні кешке қарай ірі сауда желілері ашылады деп жоспарлануда.

Интернетке кіру қиын. Тек қаланың кейбір аудандарында өте төмен жылдамдықтағы мобильді интернет бар.