Алматыда атыс кезінде төрт жасар қыз көз жұмды – балалар омбудсмені

0
612

Алматыда атыс пен тәртіпсіздік салдарынан тағы бір қайғылы оқиға болды.


Алматыда атыс кезінде төрт жасар қыз көз жұмды – балалар омбудсмені

ERNUR.KZ. Трагедия 7 қаңтарда Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында болды. Оқ тиген көлікте қыз бен оның 15 жастағы әпкесі болған, деп жазады sputnik.kz.

Төрт жасар қыз сол жерде көз жұмды, әпкесі оқ жарақатын алды. Оған ота жасалды, қазір қыз жансақтау бөлімінде жатыр, деп мәлімдеді балалар омбудсмені Аружан Саин.

7 қаңтарда күндіз 8 жасар қыз оқ жарақатын алған.

Қазақстанда екі баланың көз жұмғаны расталды. Үшеуі жарақат алды.