Алматыда автобус төбесінде отшашу атқандар ұсталды

0
623

Олардың арасында кәмелетке толмағандар бар.


Алматыда автобус төбесінде отшашу атқандар ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы автобус төбесінде отшашу атқандарды ұстады, деп жазады Tengrinews.kz.

Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, бұзақылар анықталды.

"Олар - төртеу. Әрқайсысының ролдері басынан белгілі болған. Біреуі автобус жүргізушісін алаңдатқан, екіншісі - болып жатқан оқиғаны ұялы телефонға видеоға түсірген, қалған екеуі - қоғамдық көліктің төбесіне көтеріліп, отшашу атқан. Олардың арасында кәмелетке толмағандар бар. Қазір бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұдан басқа, бұзақылардың әрекеттерінен ӘҚБтК-нің 436-бабында көрсетілген құқық бұзушылық белгілері анықталды", - деп хабарлады Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы подполковник Думан Аухадиев.

Ол тергеу барысында автобус жолаушыларына нақты қауіп төндірген жастардың осындай әрекетінің себебі анықталатынын атап өтті. Айта кетейік, бұзақылыққа қатысушылардың бірі автобустың төбесінен секіріп, басынан жарақат алған.

Еске салайық, оқиға Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында болған. Белгісіз біреулер жолаушылар автобусының төбесінде отшашу атқан.