Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде жолаушы тасымалдаған

0
587

Полиция назарына №118 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі көзге түскен.


Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде жолаушы тасымалдаған

ERNUR.KZ. Алматыда есірткіге мас автобус жүргізушісі жолаушы тасымалдаған, деп жазады nur.kz.

Полиция назарына №118 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі көзге түскен. Оны Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері тоқтатқан.

"Жүргізушінің әрекеті күдік туғызды. Оны медициналық тексеруден өткізу үшін ертіп барды, сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткі қабылдағанын анықтады. Жүргізуші бірден қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді. Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", - дейді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.