Алматыда автобустағы жолаушылар жанжалдасып, біреуі пышақ жарақатын алған

0
818

26 жастағы қала тұрғыны мен қоғамдық көлік жолаушылары арасында жанжал болған.


Алматыда автобустағы жолаушылар жанжалдасып, біреуі пышақ жарақатын алған

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматыдағы автобус жолаушылары арасында қақтығыс болғаны туралы ақпарат тарады. Полиция осы дерекке қатысты пікір білдірді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы қаласы Полиция департаменті мәліметінше, бұл қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-тармағы бойынша қозғалып, Бостандық аудандық полиция басқармасында тергеліп жатыр.

Бұл қылмысқа қатысты 1991 және 1992 жылы туған екі күдікті ұсталды. 26 жастағы қала тұрғыны мен қоғамдық көлік жолаушылары арасында жанжал болып, нәтижесінде зардап шеккен азамат пышақ жарақатын алған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.