Алматыда балабақша тәрбиешісінің балаларды азаптағаны видеоға түсіп қалды

0
964

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.


Алматыда балабақша тәрбиешісінің балаларды азаптағаны видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Желіде Алматыдағы балабақшаның бірінде тәрбиелеушінің баланы азаптаған видеосы пайда болды. Енді мекемеде тексеріс жүргізіледі, деп жазады Skifnews.kz.

Видео кадрында балалар орындықта отыр. Ал қарама-қарсы бетте тәрбиеші тұрған көрінеді. Ол кішкентай баланы құлағынан ұстап, есік жаққа алып кетеді. Сөйтіп тағы бір баланы қолына алады. Ол баланы да құлағынан ұстап басқа бөлмеге алып кетеді. Бала қарсы әрекет етемін деп құлап түседі.

Видеода ата-анадан кешірім сұрап тұрған тәрбиешінің әңгімесі естіліп қалған.


Бұл видеоға Алматының Білім басқармаса түсінік берді. Мекеме мәліметінше, оқиға Клочков көшесінде орналасқан № 7 ясли-балабақшасында болған.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Егер дерек дәлелденсе, жауапты қызметкерлер, оның ішінде, меңгерушіден бастап заңға сәйкес жазаланатын болады", - дейді білім басқармасының қызметкері Қуандық Ешімет.