Сонымен қатар,әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео пайда болды.
Полицейлер Алматыда Шығыс айналма жолда төрт жасар баланы қағып кеткен көлікті іздестіріп жатыр. Бұл туралы Алматы ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар,әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео пайда болды. Видеода бала ағаштың түбінде жатыр.
Еске салайық, осыған дейін Шығыс айналма жолда баланы қағып кетіп туралы хабарланды. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, "баланы көрпеге орап, Брянская көшесіндегі ағаштың түбінде тастап кеткен". Алайда жол апаты болған жер бала табылған жерден алысырақ болған.
Дәрігерлердің айтуынша, бала үшінші деңгейлі кома және төртінші деңгейлі травматикалық шок алған жағдайында балаларға шұғыл жәрдем көрсету орталығына түскен. Жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы аса ауыр халде. Оған жедел ота жасалған.