Басқа ата-аналардың да спорт мекемесінің басшылығына шағымдары жоқ екенін жеткізді.
ERNUR.KZ. Алматыда бассейнде болған оқыс оқиғаға қатысты қосымша мәлімет жарияланды, деп жазады zakon.kz.
"Біздің балалар токсикологияға түсті, жаттығу кезінде хлордан уланған. Қазір бәрі жақсы. Жағдайлары тұрақты. Балалар дәрігерлердің қатаң бақылауында. Балаларға уақытында көмектескен біздің жаттықтырушыларға рақмет айтамыз, олар сүт беріп, қажет нәрсенің бәрін жасады, алғашқы медициналық көмек те көрсетті. Біздің шағымымыз жоқ. Баламыз тез сауығып кетеді деп үміттенеміз. Ертең бізді шығарады, Құдай құласа", - деді уланған қыздың анасы Назым.
Басқа ата-аналардың да спорт мекемесінің басшылығына шағымдары жоқ екенін жеткізді.
Инстаграмдағы kris.p.almaty.official тобының хабарлауынша, бассейнді дезинфекциялауға арналған қондырғы сорғысының істен шығуына байланысты жүйе 10 минут бойы зарасыздандырушы сұйықтықты жинап, содан кейін оны бірден бассейнге лақ еткізген.
Бассейнмен жұмыс істеген 10 жылдық тәжірибемізде мұндай жағдай бірінші рет болды, - деп келтіріледі бассейн басшылығының сөзі.
Белгілі болғандай, жүйе дұрыс жұмыс істемегеннен кейін бірден жаттықтырушылар балалар мен ересектерді бассейннен шығарған. Әкімшілік топ жедел жәрдем шақырып, бассейнде кезекші дәрігер алғашқы көмек көрсеткен. Ересектер ауруханаға жатудан бас тартты.
Қазіргі уақытта біз бұрынғы режимде жұмыс істеп жатырмыз, барлық хлорлау жүйелері, ультракүлгінмен суды тазарту және басқа тазарту жүйелері 100% жұмыс істейді. Сорғы жаңасына ауыстырылды. Санитарлық-эпидемиологиялық станция судың анализін алды. Барлығы нормаға сәйкес келеді, - дейді кәсіпорын басшылығы.
Бұған дейін Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 баланың уланғаны хабарланған болатын. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгені хабарланған.