Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары ролик кейіпкерінің кешірім сұраған видеосын жариялады.
ERNUR.KZ. Полицейлер жұрттың көзінше бассейнде "жыныстық қатынасқа түскен" жігіт пен қызды тапты, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Масқара! Қонақүйге барса қайтеді? Неліктен олар үшін мен ұялуым керек?" - дейді кадр сыртындағы әйел.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып, жұрттың ашуын тудырды.
Тәртіп сақшылары бұл фактіні тексеріп, тәртіп бұзушыларды ұстады. Олар бассейнде жыныстық қатынасқа түскенін жоққа шығарып отыр. Соған қарамастан жігіт әдепсіз қылығы үшін халықтан кешірім сұрады.
Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram парақшасында ролик кейіпкерінің видеосын жариялады.